«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨТКЕН АПТАДА 82 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Ауданда өткен аптада коронавирусты инфекцияның нақтыланған вирус сәйкестендірілген 82 жағдайы, ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен 11 сыр-қаттанушылар тіркелді.

Үй карантинін сақтау шарттарының міндетті түрде орындау туралы қолхаты негізінде үй карантинінде қоңырау шалу арқылы 828 адам (клиникалық белгілері жоқ коронавирусты инфекциямен 324 адам, жақын қарым-қатынаста болған тұлғалар 504) медициналық бақылауда.

Жалпы 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның 1258 жағдайы тіркелді. Тіркелген жағдайдың 722-ы клиникалық симптомдары бар, 536 адам клиникалық симптомдары жоқ науқастар. Соның ішінде 70,5% жазылып шықты.

Қазіргі таңда Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекциясы диагнозымен 29, коронавирусты пневмония диагнозымен 10 науқас инфекциялық бөлімдерде ем алуда.

Қосалқы диагнозы коронавирусты инфекциямен 2020 жылы 6 науқас көз жұмса, 2021 жылы бүгінгі күнге дейін өсу ретімен 17 науқас өмірден өтті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны

admin_mugalzhar

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылды

admin_mugalzhar

АҚШ-тағы сайлау қорытындысы неге жарияланбай жатқаны белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.