«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰБАНОВТАР ҚОРЫМЫНА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

Ағайынды Жұбановтардың атақонысы болып табылатын Жаңатұрмыс ауылында дара тұлғаларды өмірге әкелген бабалардың қорымы бар. Қорым орналасқан жерге Ембі қаласындағы ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейінің директоры Ұлбосын Мұхамбетованың бастамасымен бабалар құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.

Ескерткіш тақтаның қойылуына Ембі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбай, жеке кәсіпкерлер А.Ботағарин мен Д.Жалмұханбетов және «Жаңатұрмыс» негізгі мектебінің ұжымы өз үлестерін қосты.

— Бұл жерде ұлы тұлғалардың әкесі Қуан Жұбанұлы, анасы Бибішынар Тағыбергенқызы және бауырлары Ақиба Қуанқызы жатыр. Құдайберген Жұбанов әкесі Қуан Жұбановтың басына құлыптасты өткен ғасырдың басында өз қолымен қойған екен. Алайда жазу ескі шағатай тіліне жатады. Оны оқу мүмкін емес. Ал қарындасы Ақиба Қуанқызының басына қойылған ескерткіш тақта ескіріп кеткен. Анасы Бибішынардың басына не себепті екені белгісіз, белгітас қойылмаған. Аталмыш қорымдағы жерленген жандарды білетіндер де сиреп бара жатыр, енді олардың көзі кетсе, тарих ұмыт болары анық. Сол себепті бұл ескерткіш тақтаны тұғырлы тұлғалардың ата-бабасы, анасы, бауыры жерленгенін ұмытпау үшін қойып отырмыз. Болашақ ұрпақ оларға тағзым ете жүріп, тарихын білуі керек, — деді Ұлболсын Керейқызы.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

admin_mugalzhar

Үкіметте кадрлық ауыс-түйістер болуы мүмкін

admin_mugalzhar

РАЙОН ПОСЕТИЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ АКИМА ОБЛАСТИ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.