«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда такси тарифтері тексерілетін болды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі такси қызметі нарығын талдауға кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыркүйек айында агенттік барлық әлеуметтік маңызды нарықтар, соның ішінде такси агрегаторлары нарығы үшін тексеру шараларының жаңа кешені басталғанын хабарлады.  ⠀

«Бүгінгі таңда баға мониторингі, осы нарықтағы бәсекелестік жағдайын талдау және бағалау бойынша жұмыс басталды. Нарық субъектілерінен көрсетілетін қызметтердің көлемі мен қолданыстағы тарифтер, жолаушыларды автомобильмен тасымалдау қызметі, мобильді қосымшаны пайдалану кезіндегі комиссия мөлшері туралы ақпарат сұралды”, — делінген ведомство хабарламасында.

Егер нарықта бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталса, монополияға қарсы шаралар қабылданады, деп ескертті ведомство.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛДІҢ ТІРЛІГІН ЖАЗСАМ ДЕП…

admin_mugalzhar

Өңірде 24 жаңа мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда

admin_mugalzhar

Студенттердің стипендиясы 2 есе өседі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.