«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚКЕМЕРДЕ БОЛДЫ

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына келді. Сапар аясында Ақтөбе облысының агломерациясына енген Ақкемер ауылында болып, «Nur Otan» партиясының басты бағыттарын жүзеге асыру мақсатында Ақкемер ауылының асфальттанған кіреберіс жолын (ұзындығы 1,1 км) қарады.

Ақкемер ауылдық округінің әкімі Дамир Қожаниязов баяндағандай Өткен жылы Ақкемер ауылының 4 көшесі толық асфальттанса, биыл осы теміржол бойындағы асфальттанған көшесін қосқанда ауылдың 5 негізгі орталық көшелері асфальттанып отыр.

Сондай-ақ округ әкімі алдағы жылдары кезең-кезеңімен ауылға жаңа дәрігерлік амбулатория, сервистік әкімдік, көпсалалы спорт кешені, жазғы спорттық алаң, ауылдың 4 орталық көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы (тротуар) және Елек ауылына кіреберіс автокөлік жолы салынатындығын баяндады.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап бірыңғай білім беру платформасы іске қосылады

admin_mugalzhar

Оқу ақысын төлей алмай отырған студенттерге жеңілдік жасалды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.