«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА ТЕРМОЖАБЫНДЫ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин терможабынды (минвата) өндіретін «Казтермогрупп» зауытының жұмысымен танысты.
Кәсіпорынның еліміздің бірнеше қалаларында өздерінің «Мамыр» атты дистрибьюторлық сауда желілері орналасқан. Оның ішінде Ақтөбе қаласында да осы терможабынды өнімдерін өткізетін сауда желісі бар.

Жалпы «Мамыр» компаниялар тобының өздерінің осындай кәсіпорындары Алматы қаласында, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істейді. Зауыт «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарлама аясында өз жұмысын бастады. Зауытта күніне 85-90 тонна жылу сақтайтын табиғи талшықты өнім шығарылады. Ал, жылдық қауқары 26-27 мың тонна. Зауыттан шығарылатын құрылыс материалы Өзбекстан, Ресей елдеріне экспортталуда. Ал, ішкі нарықта батыс өңірін қамтып отыр.

Жаңадан ашылған зауытта аудан әкімдігі жанындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін үш жақты комиссиясы отырысындағы келісімге сәйкес 200-ден астам мұғалжарлық азаматтар аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдама алып, зауытта еңбек етуде.

Бұл өндіріс орнынан шығарылатын дайын өнім алты сатыдан өтеді. Зауыттың негізгі құрылғылары Италия, Словения, Украина және Ресей елдерінен жеткізілген. Шикізаттың 30 пайыздан астамы Ресейден тасымалданса, негізгі өнімдер еліміздің Теміртау, Павлодар қалаларынан және Мұғалжар ауданынан алынады.
Бұл кәсіпорын Ақтөбе облысының индустриялизацисы картасы аясында ашылып, облыстың құрылыс материалдарын өндіру кластеріне кіреді.

Ұқсас ақпараттар

ӨРТ СӨНДІРУШІ — МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

admin_mugalzhar

Жердің де сұрауы бар

admin_mugalzhar

АУДАН ШАРУАЛАРЫ БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.