Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ембі қаласында «Samruk-Кazyna Trust» қоғамдық қорының қолдауымен салынып жатқан спорт кешенінің құрылысымен танысты.
«Samruk-Кazyna Trust» қоғамдық қорының өкілі Әсет Қылышбаевтың айтуынша спорт кешенінің құрылысы биылғы жылы аяқталып, 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент мерекесі күні ашылатын болады.
Спорт кешенінде шағын футбол, волейбол, баскетбол, еркін күрес, бокс спорт түрлерінен бірнеше спорт секцияларының жұмыс жасауы қарастырылған.
Жалпы бұл спорт кешенінің құрылысы «Samruk-Кazyna Trust» қоғамдық қорының «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.