«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ Р.МҮСЕНОВА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН БІРГЕ ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ІС-САПАРҒА ШЫҒЫП, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЕМБІ-АЛТЫНДЫ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖОЛДЫҢ ЖӘЙ КҮЙІНЕ МОНИТОРИНГ ЖАСАДЫ.

Ембі қаласы мен Алтынды ауылы аралығындағы автожол 56 км құрайды. Қазіргі таңда жолда жүк көліктерінің жүру салдарынан шығатын шаңды басу мақсатында «КазГеоРуд» ЖШС Ресейден 1000 тонна қиыршық тас (щебень) алдырып, және 4500 тонна ұсақ тас (дресвы) төсеген. Сонымен қатар Алтынды ауылы жанындағы жолға 1050 тонна ұсақ топырақ төселіп, нәтижесінде жолдағы шаң басылған. Жол бойындағы жұмыстарға 5 арнайы техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ «AltynEx Company» АҚ Ембі қаласынан 8 км жерде орналасқан жолдағы суағарға жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 2022 жылға «AltynEx Company» АҚ және «КазГеоРуд» ЖШС бірлесіп, автожолды және «Әулие» көпіріне жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Іс-сапар барысында аталған жол бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөнінде аталмыш кәсіпорындар басшылықтарына тиісті ұсыныстар берілді. Олар бұл бағыттағы арнайы жоспарларымен таныстырып, жұмыстанатындарын жеткізді. Жалпы атқарылып жатқан жұмыстар аудан әкімдігімен «AltynEx Company» АҚ және «КазГеоРуд» компанияларымен бірнеше рет техникалық кеңес отырыстарын өткізу нәтижесінде жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарайда жалғасын табатын болады.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыратын жоба іске қосылды

admin_mugalzhar

Исцеляющая сила в руках

admin_mugalzhar

СПЕЦИАЛИСТАМИ ОКАЗАНА ПОМОЩЬ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.