БИЫЛ ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАНЫНА ДА 30 ЖЫЛ БОЛДЫ. ОСЫ ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ЕЛІМІЗ ТҮРЛІ КЕЗЕҢДЕРДІ БАСТАН ӨТКЕРІП, ТАРИХИ СӘТТЕРДІ АРТҚА ТАСТАДЫ. ДЕНСАУЛЫҚ КҮЗЕТШІСІНЕ АЙНАЛҒАН АУДАННЫҢ МЕДИЦИНА САЛАСЫ ДА КҮРДЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕРДЕН ӨТІП, ЖЕМІСТІ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТТІ. ОСЫҒАН ОРАЙ, ГАЗЕТІМІЗДЕ ТҰРАҚТЫ ЖАРИЯЛАНЫП ТҰРАТЫН «ТӘУЕЛСІЗДІК КУӘГЕРЛЕРІ» АТТЫ АЙДАРЫМЫЗДЫҢ БҮГІНГІ КЕЙІПКЕРІ — ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ШАПАҒАТ» АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ, АУДАННЫҢ «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ», «ҚР ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ДӘРІГЕР», «КСРО ҚҰРМЕТТІ ТЕМІРЖОЛШЫСЫ», ЕУРОПАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ — АДАЕВ АМАНЖОЛ ШҮНГҮЛҰЛЫ. БІР ЗАМАННЫҢ ЕКІ ТҮРЛІ КЕЗЕҢІН БАСЫНАН ӨТКЕРГЕН КЕЙІПКЕРІМІЗБЕН СҰХБАТ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ӨРБІДІ…
— Аудан медицинасының тарихы өткен ғасырдан бастау алады. Бүгінде сіз басқарып отырған «Шапағат» ауруханасы ауданда ашылған алғашқы аурухана екенін білеміз. Осы аурухананың қалыптасуы туралы айтып өтсеңіз?
— Орынбор-Ташкент, ОрынборГурьев, Орск-Қандағаш бағыттарында теміржолдардың құрылысы жүруіне байланысты 1940 жылы Қандыағаш тораптық стансасында алғашқы темір жол ауруханасы ашылды. Аурухана (қазіргі «Ақ ниет» дүкенінің артында) «барак» типтес үйге орналасып, Орынбор темір жол басқармасына қарасты болды. Құрамына амбулатория, шағын жататын орын мен перзентхана кірді. Алғашқы аурухана басшысы болып эвакуацияланған ленинградтық азамат Орлов Лев Павлович болды. Соғыс жылдары аурухана ұжымы ел қатарлы майдандағы жауынгерлерге қолдау хаттарын, үш саусақты қолғап, бет орамал, темекі қалташа, шұлық, мойын орағыш тоқып, пошта арқылы жіберіп отырған. Жұмыстан тыс уақыттарда көрші елді мекендер Ақкемер, Победа және Шұбарқұдық стансасына мектеп ұстазы Браун Федор Иванович басқарған көркемөнерпаздар құрамында болып, концерттер қойып, жиналған ақшаларын арнаулы үкімет қорына жіберген. Азық-түліктің жетіспеуі себепті қысты күндері аурухана сырқаттарына картоп, егін келдектерін жинаған. Қолданыста болған дәкелерді жуып, өтектеп, қайта пайдаланған. Жаз мезгілінде көрші колхоздарға егін ору, шөп дайындау т.б. жұмыстарына да жәрдем берген. Аурухана ұжымы жалпы ел көрген қиыншылықты бірге көріп, жанұясының ауыр жағдайына қарамастан, майданға аттанған жақындарының тағдырына алаңдаса да, күні-түні аянбай еңбек етіп, Ұлы Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосты.
— Осындай қиын кезеңдерде ауданның медицина саласында елеулі еңбек етіп, халықтың саулығы үшін тер төккен дәрігерлерден кімді атап айтар едіңіз?
— 1940-1971 жылдар аралығында аурухана басшысы қызметтерін Л.Орлов, Р.Маямсина, Л.Николаевский, В.Панталеев, В.Ершова, Л.Верхошинцева, М.Верхошинцев Е.Мамбеталин, Х.Жұмабаевалар атқарды. Олар аудан медицинасының дамуына сүбелі үлестерін қосты. Ал дәрігерлер Г.Преснякова, Р.Исетова, С.Қожабаева, Ж.Парменов, Г.Жайрымбетова, С.Танабаевалармен қызметтес болдым. Дәрігер Р.Исетова «Кең көлемдегі күйікті емдеу», «Балалар тікішегінің түсуін отасыз емдеу» инновациялық патенттерді қорғады және ҚР емдеу мекемелеріне методикалық ұсыныстар жазды. Аурухана дәрігерлерінің методикалық әдістемелері республикалық, Ресей Федерациясының медициналық ғылыми конференцияларының жинақтарына және медициналық басылымдарына енді.
— 1991 жылы Қазақ елі аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. Бұрынғы жүйе құлдырап, барлығын жаңадан бастауға тура келді. Сол жылдардағы медицина саласының жағдайы қандай еді?
–Темір жол саласы 90-жылдардағы дағдарысқа төтеп бере алмай, елімізде 100-ден астам теміржол мекемелері жабылып, тарих қойнауында қалды. Теміржол мектептері мен балабақшалары жергілікті билікке өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың медицина саласында бәсекелестікті дамытуға арналған көреген саясатының арқасында батыс өңірінде жалғыз осы Қандыағаш тораптық темір жол ауруханасы 1997 жылы жекешелендіріліп, ЖММ «Шапағат» ауруханасы болып қайта тіркелді. Аурухана мен ұжымды сақтап қалу мүмкіндігі туды. Жеті айға созылған жекешелендіру процедурасынан коммуналды және бюджетке бережақтар миллиондаған соманы құрады. Дәрі жоқтың қасы, операцияға қажетті материалдардың тапшылығын айтпағанда, гипстің орнына қаладағы «Шилісай» кәсіпорыны қоймаларында қалған цемент пен алибастардың қоспасын пайдалануға тура келді. Бір рет пайдаланатын резеңке қолғап, шприцтер, инфузиялық системалар атымен болған емес. Еңбек пен тәуекелділіктің нәтижесінде бұл жағдайдан шығатын жол табылды. Елбасының жеке секторды қолдауының арқасында ЖММ «Шапағат» ауруханасы ширек ғасыр бойы мемлекеттік тапсырыс негізінде халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетіп келеді.
— Бүгінде науқастарға нақты диагноз қою үшін түрлі заманауи аппараттар пайдаланылады. Ал бұрын бұл аппараттарға қолжетімсіз уақытта науқастарға диагнозды қалай қойдыңыздар?
— Орынды сұрақ. Біздің ауруханада көп жылға дейін аппараттардан бар болғаны қарапайым лабораториялық талдағыш, бір каналды ЭКГ, рентген мен флюорограф қана болды. Біздің уақытымызда 70-80% жағдайда талдау аппаратынсыз диагноз қою дәрігердің интуиция немесе сезімталдығымен қойылатын. Олар ауру адамның жағдайын түсіне біліп, дүниесіне үңіліп, сан түрлі аурулардың белгілерінің ұқсастығын талдай отырып, жинақталған тәлім-сезіммен салыстырып, генетикалық өзгешеліктерді ескеріп, сырқаттың атқаратын қызметінің ерекшелігі, интеллектуалдығы, психикалық жағдайлары, салауатты өмір салтын сақтауы сияқты, кейде айтып тілмен жеткізе алмайтын сандаған ауруға тән құбылыстарды айыру арқылы ауруын анықтайтын. Яғни, бұның бәрі оқумен, ізденумен зерделенетін.
— Тоқырау жылдары жарық пен жылу, медициналық құрал-жабдықтар болмаған сәттерде ауыр науқасқа емшара, не болмаса, шұғыл ота жасау қалай жүзеге асты?
-Тоқырау жылдары жарық беру «веерное отключение» деген режимде берілді. Соның салдарынан «Жастық» мөлтек ауданында көптеген үйлердің, ауруханалардың, мектептердің жылу жүйелері қатып қалып, істен шықты. Жатқан сырқаттарға беретін дәрі жоқтың қасы. Дәрідәрмек Ақтөбе базарларында қолда болды. Операцияға қажет
тігін материалдары, дәке, т.б. тапшыболуысебепті, ескі-құсқыматериалдарды пайдалануға мәжбүр болдық. Қаражаттың тапшылығынан жаңа аппарат сатып алу деген қол жетпес ғажайып ертегілердей болды. Дегенмен де операциялар уақытылы жасалып тұрды. Анестезиолог маманы тек облыстық ауруханаларда ғана бар. Аудан деңгейінденаркоздыдайындықтан өткен фельдшер-наркотизатор беретін. Наркозмаскаарқылыберіліп, операциядағы сырқат демалған эфирді операция бригадалары да демалып тұратын. Қазірде маскалы наркоз туралы естіген адамсенбес еді. Сырқаттарға тамақ тауып берудегенқиынмәселеболды. Совхоздардың жабылуы себепті, нәрестелерге арналған қаладағы жалғыз сүт кухнясы, мектептегі асханалар қызметтерін тоқтатты. Осы себепті демографиялық жағдай күрделенді. Дәрігерлердің еңбекақысы аз болды. Уақытында берілмеді. Көптеген дәрігерлер бөтенсалаларғаауысыпкетті. Бізге де дәрігерлерді ұстап қалу оңай болмады, дегенмен қосымша көздерді тауып, жағдайжасауға тырыстық.
— Бүгінде бәрі басқаша десе болады. Өзіңіз білесіз, елімізде Ұлттық Бірыңғай Денсаулық жүйесі енгізілді. Бұл бағдарлама — еліміздің медицина саласындағы ең ірі бағдарламаларының бірі. Жаңа жүйе аудан медицина саласына оңды өзгерістер әкелді ме? — Ұлттық Біріңғай Денсаулық жүйесінің пайдасы зор. Ол әлем елінің стандарттарына сәйкестендірілді. Бұндағы негізгі мақсат — аурушаңдықты төмендету, қауіпті жүрек қан тамырлары, обыр, туберкулез ауруларының, ана, бала өлімі көрсеткіштерін төмендетіп, жалпы халықтың орташа өмір сүргіш жасын ұзарту болып табылады. Халықтың амбулаториялық және стационарлық медициналық көмекпен қамтылуы бүгінде едәуір жетістікке жетті. Қазіргі модельде алгоритм, протокол жүйелері енгізілген цифрлық медицина дамыды. Бағдарламаны орындау мақсатында үкімет ұзақ мерзімге қыруар қаржы бөлді. Медицина қызметкерлерінің жалақысын көтерді. Мамандығын жетілдіруге жақын және алыс елдердің тәжірибесін игеруге мүмкіндіктер ашылды. Бүгінгі таңда аудан медицинасының жетістігі көп. Мына COVID-19 пандемиясына байланысты медицина саласына және қызметкерлерге көп қаржы бөлініп, шетел технологиялары енгізіліп, ZOOM, Vebinar сияқты қашықтықтан сан түрлі тәжірибе алмасу деректері өткізілуде. — Соңғы жылдарда елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы қолға алынды.
Ал осы жүйе еліміздің денсаулық саласына қаншалықты оң нәтиже беруде?
— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы алғашқы рет 1997 жылдары енгізілді. Өкінішке орай, бұл бағдарламаның «өмірі» қысқа болды. Қазірде елімізде енгізген МӘМС жүйесі — теңдесі жоқ нағыз демократиялық шешім. Осы себепті жылдар бойы қаржы тапшылығынан шешілмеген мәселелер шешімін тауып, медицина мекемелерінің материалдық проблемаларынан бөтен халық денсаулығын жақсартудағы бұрын қолжетімсіз болған мәселелердің түйіндері шешілуде. Өкінішке орай, МӘМС деңгейімен халық 100% қамтылған жоқ, себебі кейбір жеке кәсіпкерлер, өз-өзіне табыс табатындар, тіпті, кейбір жұмыс берушілер табыстарын жасыру себепті медициналық міндетті сақтандырудан сырт қалуда. Осы себепті оларға заңмен бекітіліп көрсетілетін тегін пакеттің деңгейі шектеулі.
— Әңгімемізді өзіңізге бұрсақ, сіздің дәрігер болуыңызға қандай да бір себеп болды ма? Жалпы, дәрігер қандай болуы керек?
— Дәрігерлік мамандықты қалау өте күрделі мәселе. Менде жеке өз басымда дәрігер боламын деген арманмектеп жасында қалыптасты. Оған себеп — әртүрліжұқпалы аурулардан көршілер мен ағайындарымның балалары о дүниелік болды және бір қарындасым мен інім ұзаққа созылған аурулардан қайтыс болды. Осы жағдайда қиналған анамның зары жүрегімде қалды. Бір күні 6- 7 класта оқып жүргенімде, ауылдық клубтың кино алдында көрсетілетін «жорналда» соқыр ішек операциясын көрсетті. Соны көргенде, ерекше сезімге бөленіп кетіппін. Осы кинодан кейін хирург болу арманым нақтыланды. Ақтөбе институтына 3 жыл дегенде түстім. Сол екі жыл аралықта автобазада жүргізуші болып жұмыс істедім. Біздің уақытымызда айлық деңгейі өте төмен болды. Оған қарамастан күні-түні операциядан шыққан жоқпыз, балаларымның қалай есейгенін де сезбеппін. Тоқырау уақытында да қалаған мамандығымды тастаған емеспін.
— Өзіңіз айтқандай, балалық арманыңыз орындалып, 50 жылдан астам дәрігерлік қызметіңізде есіңізде қалған қызықты сәттеріңізді еске түсірсек?..
— Адамдармен тығыз қарымқатынаста жұмыс жасайтын болғасын, есте қаларлықтай оқиғалар көп болды. Бірде аурухана жанындағы мәйітханаға тазалықшы болып жасайтын әжеміз мәйітті қабылдайды. Ақтөбеден сот сарапшы маман келіп, мәйітке сараптамажасайды. Олар келген сайын бізден залалсыздандыру мақсатында спирт алатын. Әжеміз бір айналып соғып мәйітханада жарық болмаған соң ішіне кірмей, сыртынан құлып салады. Біраз уақыттан кейін тазаламақшы болып есікті ашса, қараңғыда тоңғаннан дірілдеп тұрған бір адамның сұлбасын көреді. Әжемізге мәйіт тіріліп кеткендей көрінеді. Сөйтсе, манағы сарапшы жігіт спирт ішіп, мәйіттің қасында ұйықтап қалған екен. Тоңып, оянып тұрған шағы екен. Сол әжеміздің қорқып қашып кетпей, батылдық танытқаны әлі есімізде. Бір күні дәрігердің қабылдау кабинеті алдында отырғандарға медбике қызу өлшегіш градусник таратып береді. Жұмыс аяғында бір градусник жоқ болып шығады. Бір аптадан кейін ұлты орыс бір әжеміз дәрігерге келіп, градусникті ұсынып: «Мына затты қолтығыма салған бойда жағдайым жақсарып кетті, сол себепті қабылдауыңызға кірмей, бір жеті бойы осы затты үйде күніне 3 мезгіл салып тұрдым. Қазір жағдайым жақсы. Сізге рахметімді айтуға келдім» деп күлкіге қарық қылғаны бар. 2000 жылдары іздеуде жүрген, ұсталған бір азаматты аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері екі қолына кісен салып әкелді. Ол өзінің қасық, шанышқы саптарын сындырып жұтқанын айтты. Рентгенмен анықтап, тамырына ұйықтататын дәрі салып, жұтқан заттарын гастрофиброскоп аппараты арқылы отасыз алдық. Қазірде жұтылған заттар экспонаттар ретінде аудандық музейде тұр. Осындай түрлі қызықтар өтті бастан.
— Ардагер-дәрігер ретінде қазіргі жас буын дәрігерлерге қандай кеңес бересіз?
— Жас дәрігерлер халықтың талабына сай білімді болуы қажет. Жалпы дәрігердің дүниетанымы да көп салалы болғаны жөн. Дәрігер алдындағы науқасты өзіне тартып, өзіне деген сенімділігін арттыру керек. Егер науқас дәрігерге сенсе, оның сенімін ақтауға тырысу — дәрігер үшін үлкенміндет. Яғни, жан-дүниесі күйзелген адамды емдемес бұрын, екеуара жағымды қарымқатынас орнатқан абзалырақ.
— Әңгімеңізге рақмет.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ