5 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. Өкілеттіктерге сәйкес облыстардың мәслихаттары осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекітті.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 1553 сайлау комиссиясы жұмылдырылды:
- 17 облыстық;
- 3 қалалық;
- 42 аудандық;
- 1491 учаскелік.
«Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді. Сайлаушылардың келуі – 62,79 %. Сайланған әкімдердің орташа жасы – 46,7 жас», — Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
ОСК Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өткенін, дауыс беру күні Қазақстан Республикасының 8500-ге жуық кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері бақылағанын атап өтті.
«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік басшылықты, сондай-ақ олардың қызметінің сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін бақылауды іске асырды», — Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі
Орталық сайлау комиссиясы интернет-ресурсында 17 өңірдегі сайлау қорытындылары бойынша мынадай жалпылама ақпаратты ұсынады: