«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ МАҢЫЗДЫ!

Өткен аптада коронавирус инфекциясын 5 адам жұқтырған. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен 2 адам сырқаттанып қалған. Үй карантинінде 41 адам медициналық бақылауда отыр.

Аты жаман індет басталғалы ауданда 1713 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 952-сі  клиникалық симптомдары бар, 761 адам клиникалық симптомдары жоқ науқастар. Соның ішінде 97,6% жазылып шыққан. Ал коронавирустық пневмониямен 304 адам ауырып,  301-і  жазылған. Бүгінгі таңда Мұғалжар ауданы бойынша  инфекциялық бөлімдерде коронавирусты инфекциясы диагнозымен 7 науқас, коронавирусты пневмония диагнозымен 1 науқас ем қабылдауда.

— Қазіргі таңда ахуал тұрақталып келеді. Дегенмен қауіп әлі де сейілген жоқ, сондықтан аудан тұрғындарын бетперде тағуға, қолды жиі жуып, антисептиктерді пайдалануға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар, — деді ауданның бас санитариялық дәрігері Б.Шағалбаев.

Ұқсас ақпараттар

В РАЙОНЕ ОТМЕЧАЕТСЯ РОСТ COVID-19

admin_mugalzhar

Міндетті екпе: қызметкер жұмыстан шығарылмайды

admin_mugalzhar

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңына сәйкес кезектен тыс аудандық мәслихат депутаттарына ұсынылатын кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін газет бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar