«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ

Төлеулі МАХИМОВ, мемлекеттік қызмет ардагері:

— Қазақ елі талай нәубетті бастан кешіріп, осыдан 30 жыл бұрын еңсесін тіктеген Тәуелсіз ел атанды. Бұл еркіндік бізге кешегі ата-бабалардың қанымен, алашордашылардың күресімен, желтоқсаншылардың құрбандығымен, Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында келді. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына өзінің сүбелі үлесін қосып, қазақ елін әлемге таныту жолында және бейбітшілік туының астына түрлі ұлт өкілін жинауда өзінің өзгелерге үлгі болар қолтаңбасын қалдыра білген Тұңғыш Президентіміз халыққа жуырда жеті тұғырдан тұратын қағидатын ұсынды. Қағидат адамзатқа ортақ құндылықтыр жиынтығынан тұрады. Онда білім мен мәдениет, рухани байлық пен халық қазынасы тарқатылып айтылып, бәсекеге қабілетті болудың жолдары ұсынылып, ел халқын бірлікке шақырады. Қазақ халқы ертеден данагөй тұлғаларының дегеніне ден қойып, бірауыз сөзін жерге тастамай құрметтеген. Бүгінгі және келер ұрпақ та ұлт көшбасшысының қағидатын көңілге тоқып, елдің ертеңі үшін жұмыла білу керек.

Ұқсас ақпараттар

«Smart сitу» цифрлық жобасы нәтижелі іске асырылуда

admin_mugalzhar

Жайдарбек Күнғожинов «Томирис» фильміндегі трюктері үшін каскадерлік «Оскар» алды

admin_mugalzhar

Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Асқар Мамин

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.