«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Этносаралық диалогтың бірегей институты

Данил ЦОЙ,
Ассамблея мүшесі.

Биыл еліміз үшін ерекше даталарға толы. Соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, әсіресе өзге ұлт жастары үшін мерейлі белес.
Арғы атам Цой Сен Нам сонау қиын-қыстау кезде қазақ жеріне көшіп келіп, содан осында тұрақтап қалған. Өзім көпұлтты отбасында тәрбиеленген корей жігітімін. Көптеген халықтың салт-дәстүрін, мәдениетін білемін. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмасам да, барлық сөзді түсінемін, тұрмыстық деңгейде сұрақтарға жауап беруге сауатым жетеді.
Облыстық «Возрождение» немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Ассамблеяның белсенді мүшесі ретінде айтарым, осы ұйым өзін «халықтық дипломатия» рөлін тиімді орындайтын және мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мәдениетаралық және этносаралық диалогтың бірегей институты ретінде көрсетті. Бір анығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы — өзінің бірегейлігі бойынша посткеңестік кеңістіктегі жалғыз институт.
Этномәдени бірлестіктер жанынан театрлар, би және шығармашылық ұжымдар, жексенбілік мектептер жұмыс істейді, онда балалар мен біз сияқты жастар ана тілімен, салт-дәстүрлерімен және өнерімен кеңінен таныса алады. 2024 жылы құрылған Ассамблеяға қарасты шығармашылық ұжымдардың қауымдастығы әртүрлі этномәдени қауымдастықтардың күш-жігерін біріктіріп, мәдени мұраны сақтауға және өзара түсіністік атмосферасын қалыптастыруға көмектесті.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АЯУЛЫМ ЖҰМАБАЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

КӨЛІКТІ 5 МИНУТТАН АРТЫҚ ҚЫЗДЫРҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ ЖОҚ БОЛЫП ШЫҚТЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.