«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Білім менеңбек — бақуатты өмірдің кілті

Жұмагүл АСАБАЕВА, Аудандық аналар кеңесінің төрайымы:

Елбасы Н.Ә.Назарбаев жақында өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды. Тұңғыш Президенттің бұл тұжырымдамасы алдағы онжылдықтарға бағдар болатын құжат, жаңа буынға аманат. Өйткені, Елбасы «Абылайдың ақ жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» қағидаттарымен шектелмей, әлемдегі озық тәжірибені де енгізді. Сондықтан оның алдағы онжылдықтарды айқын бағамдаған көрегенділікке толы ісін жалғастыруымыз керек. «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінің отырысында Елбасы біраз мәселені қозғады. Сол мәселелердің бастысы — білім. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.

Елбасының бұл үндеуін жастардың санасына бірлесіп сіңіруіміз қажет. Ата-бабамыз  аманаттаған тәуелсіздікті тұғырлы ету жастардыңқолында. Білімкез келгенуақыттаөзекті болып қала бермек. Себебі Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім. Елбасымыздың қағидаты жастарға тың серпін беріп, білім алуға құштарлықтарын арттырады деп ойлаймын. Елбасы Тәуелсіздіктің негізгі жеті тұғырын тайға таңба басқандай анық көрсетіп берді. Кейінгі буын өкілдері оның болашаққа бағдар боларына сенімді. Қазіргі кезде жастар өзінің болашағы үшін білімнің қажет екенін өте жақсы түсінеді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда бауырын іздеген америкалық ағасын 18 жылдан кейін ШҚО-дан тапты

admin_mugalzhar

Қазақтың Төлегені дүниеден озды

admin_mugalzhar

Шымкентте ондаған адам банк бөлімшелеріне жиналды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.