«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде екінші рет онлайн-диктант өтеді: Диктантқа қатысып, iPhone 13 ұтып ал!

Қазақстанда осымен екінші рет жалпыхалықтық онлайн-диктант өтеді. Жазба жұмысы Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында 15 желтоқсанда ұйымдастырылады.

Онлайн-диктанттың басталуын жіберіп алмас үшін біздің Stan.kz қосымшасын жүктеп алуға кеңес береміз. Қосымшаны Play Market және AppStore-дан жүктеуге болады.

Диктантты қатесіз, үздік жазғандардың арасында үш iPhone смартфоны ойнатылады. Бұған қоса жазба жұмысының барлық қатысушылары бағасы жазылған сертификатқа ие болады.

Диктант мәтінін қазақстандық тележүргізушілер Мақсат Толықбай, Жанат Бақыт пен Анна Данченко оқиды.

Ескерту: Диктантқа алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. 15 желтоқсанда арнайы  dictant.stan.kz сайты іске қосылады.

Жобаның басты демеушісі – Jusan Bank

Бізді қолдағандар: Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері, «Хабар», «Алматы» телеарналары, Dostyk Plaza сауда, ойын-сауық орталығы.

Диктантты сәтті жазып шығуыңызға тілектеспіз!

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда газ қымбаттауы мүмкін

admin_mugalzhar

ЗАҢГЕР: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАРДАП ШЕКПЕЙДІ

admin_mugalzhar

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОКРУГ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

admin_mugalzhar