«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне орай, аудандық орталық кітапханада желтоқсаншылармен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев пен мәдениет бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина қатысып, шараға қатысушыларды құттықтады. Кездесуге облыс орталығынан арнайы келген «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерболат Берікқалиев аудандағы желтоқсаншыларды мерекелерімен құттықтап, марапаттарын табыстады. Атап айтсақ, Айжан Боранбаева «Тәуелсіздік ардагері», «Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы» төсбелгілерімен, ал Қасым Оразбаев, Әли Айтымбай, Таубай Бекболатов, Дәурен Жақсығали, Таңжарбай Жолдасбек, Гамзат Жолдасова, Азамат Үрістемовтер «Желтоқсан алауы» қоғам бірлестігінің төсбелгісімен марапатталды.
Шара барысында желтоқсан оқиғасына қатысушылар өз естеліктерімен бөлісіп, қазақ елі аңсап күткен Тәуелсіздіктің оңай келмегенін, сондықтан да 30 жылдық тарихы бар ел егемендігін қадірлеп, қастерлеу қажеттігін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда сот қызметкері күні тойланады

admin_mugalzhar

Өңірде су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысын бастады

admin_mugalzhar

ӘРБІР ТАҢДАУ — МАҢЫЗДЫ!

admin_mugalzhar