«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛТЫНДЫДА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛМАҚ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов Алтынды, Қайыңды ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Осы жылы Алтынды ауылындағы 60 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Ауылдың 9 көшесіне LED жарықшамдары орнатылады. Ауылдағы ескі спортзал жөнделеді. «АТС газ» ЖШС-ң бекеті іске қосылады. Қайыңды ауылындағы Бейбітшілік, Қайыңды көшелерін асфальттау жоспарланып, ауылға жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, жедел жәрдем УАЗ автокөлігі беріледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көпфункционалды спорт алаңы орнатылады. Сонымен қатар Әулиекөл көпіріне жөндеу жұмыстары жоспарланып отырғандығын мәлімдеді.
Сондай-ақ кездесуге «Ембі-Алтынды» тас жолын пайдаланатын кәсіпорындарының өкілдері «AltynEx Company» мекемесінің бас инженері Игорь Гостевских, «Құндызды» кен орнының басшысы Андрей Коробов, «АТЭК» ЖШС-нің участке басшысы Виталий Почта қатысты. Аудан әкімі бұл кәсіпорын басшылықтарына «Ембі-Алтынды» бағытындағы тас жолын қалпына келтіру, жаз мезгілінде шаң көлемін басу мақсатында жолды күтіп ұстауға арналған олардың есептерін тыңдап, атқарылатын жұмыстарына тоқталып, тұрғындардың ұсыныстарына сәйкес оларға нақты тапсырмаларды жүктеді.
Тұрғындармен кездесуден кейін аудан әкімі Асқар Шериязданов, аудан прокуроры Сәнібек Тілеулесов, Ембі қалалық полиция бөлімінің бастығы Бақыт Ізімов азаматтарды қабылдап, әлеуметтік жағдайларын тыңдап, құқықтық көмектер көрсетіп, тұрғындардың экологиялық мәселелер бойынша көтерген сұрақтарына жауап берді.

Ұқсас ақпараттар

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ — БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

Қауіпсіз келешек

admin_mugalzhar

Қазақстанда тауарлар мен қызметтерге ақы төлеудің жаңа жүйесі: іске қосу мерзімі аталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.