«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

988,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 198,1 мың отбасындағы 988,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Ағымдағы жылы осы мақсатқа бюджеттен 68,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. 2021 жылғы 1 желтоқсанда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 265,1 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ тәртібі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды. Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.
inform.kz

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА 51 КӨШЕ САЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

БІЛІМ БӨЛІМІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

admin_mugalzhar

Иманбек Forbes рейтингіне ұсынылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.