«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Келесі жылдан бастап базалық зейнетақы көлемi өседі

2018 жылдың 1-шi шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеу жүйесi өзгерiп, оған сәйкес базалық зейнетақы көлемi артады. Жаңа жүйе бойынша, оның мөлшерi еңбек өтiлiне қарай өзгеретiн болады. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Светлана Жақыпова ОКҚ брифингi барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Светлана Жақыпованың мәлiметiне сүйенсек, бүгiнгi таңда елiмiзде орташа зейнетақы көлемi 56 мың теңгенi құрайды. Ал базалық зейнетақы көлемi өзгергеннен кейiн орташа зейнетақы мөлшерi 71 мың теңгеге жетедi.

«Бұл 35-40 жыл еңбек өтiлi бола тұра, төмен зейнетақы алатындар үшiн әлеуметтiк әдiлдiк орнатады», — дейдi ол.

«Қазақстанда зейнетақы жүйесi үш деңгейден тұрады, бiрiншi деңгей — барлығына бiрдей мөлшерде төленетiн базалық зейнетақы, оның көлемi 14 мың 466 теңгенi құрайды. Екiншi деңгей — ынтымақты зейнетақы, ол еңбек өтiлiне байланысты төленедi. Оны толық көлемде алу үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн әйелдерде 20 жыл, ер адамдарда 25 жыл еңбек өтiлi болуы тиiс. Үшiншi деңгей — 10 пайыздық зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн зейнетақы жинақтау жүйесi. Бұл жарналарды Қазақстан азаматтары 1998 жылғы 1 қаңтардан Жинақтаушы зейнетақы қорына аудара бастаған», — дедi Жақыпова.

Вице-министрдiң айтуынша, 2018 жылдың 1-шi шiлдесiнен бастап базалық зейнетақы жүйесiне өзгерiстер енгiзiледi. Бүгiнгi күнi базалық зейнетақы бәрiне бiрдей төленсе, ендi базалық зейнетақы төлемi еңбек өтiлiне байланысты тағайындалады.

«Яғни, келесi жылдан бастап бiз еңбек өтiлiн санаймыз. 1998 жылға дейiн жиналған еңбек өтiлi мен 1998 жылдың 1-шi қаңтарынан кейiн зейнетақы жүйесiне зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер есептеледi. Осы екеуiн қосып, жиынтық еңбек өтiлiн шығарамыз. Еңбек өтiлi көп азамат сәйкесiнше жоғары зейнетақы алады», — дедi Светлана Жақыпова.

Вице-министрдiң мәлiметiнше, базалық зейнетақы төлемiн арттыруға республикалық бюджеттен 128 млрд теңге қарастырылған. Қазiргi зейнеткерлердiң зейнетақысы жүйеде бар құжаттары негiзiнде автоматты түрде қайта есептеледi. Сондықтан, зейнеткерлерге мемлекеттiк органға келiп, өтiнiш жазып, қайта құжат әкелудiң еш қажетi жоқ.

 

Ұқсас ақпараттар

СИЫР САУЫП, МАЙ ШАЙҚАҒАН…

admin_mugalzhar

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ 30 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА 139 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.