«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл Қазақстанда 1,8 мың шақырымға жуық газ желісі тартылды

Ұлттық жоба аясында отандық энергетика және мұнай-газ-химия саласына үлкен мән берілген. Сонымен қатар аталған сала экономиканы жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында энергетика және мұнай-газ-химия салаларына үлкен мән берілген. Осы жылдың қорытындысы бойынша елде мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрайды. Саланы одан әрі дамыту үшін қазіргі кезде Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Алдағы уақытта Қаламқас теңіз және Хазар теңіз жобаларын игеру жоспарланған. Бұл жобалардың жалпы құны 51 млрд доллардан асады», — деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы елді газдандыру бойынша жұмыстың қарқынды жүріп жатқанын айтты. «Биыл шамамен 52 млрд теңгеге 140-тан астам жоба іске асырылды, 1,8 мың шақырымға жуық газ желісі тартылды. Осыған орай қазіргі уақытта халықтың газбен қамтамасыз етілуі 10 млн адамнан асады. Бұл жұмыс жалғасады. Мұнай-газ өндірісін дамыту экономиканы жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ химиясы өнімін өндіру көлемі 190 мың тоннаны құрайды», — дейді ол.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

АҚТӨБЕДЕ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ҚОР ҚҰРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

133 мың заңсыз мигрант Қазақстаннан өз еркімен кетті — ІІМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.