«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет көктемнің алғашқы айына болжам жасады. Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның көптеген аймағына күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша, наурыз айы жылы және жауын-шашынды болады. Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2 пайызға жоғары, Атырау облысының батысында және солтүстік-батысында нормаға жақын болады деп болжанып отыр.

Наурыздың кей күндерінде еліміздің солтүстігі мен шығысында күндіз ауа температурасы 10 градустан 20 градусқа дейін көтеріледі деп күтіліп отыр.

Наурыздағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын болады. Солтүстік Қазақстанның басым бөлігінде, БҚО, Қостанай, Ақмола облыстарында және Ақтөбенің солтүстігінде жауын-шашын нормадан артық жауады. Солтүстікте және шығыста аралас, елдің оңтүстігі мен батысында орташа деңгейде жауады.

Ұқсас ақпараттар

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

2021 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

admin_mugalzhar

БАЛАБАҚШАҒА — 35 ЖЫЛ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.