«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бастапқы жарнасыз: Жеңілдетілген жаңа автонесие бағдарламасы жарияланды

71 мың қазақстандық жеңілдетілген автонесиемен көлік сатып ала алады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін қаңтар айында айтқанымдай, «Жасыл даму» АҚ есепшотындағы 200 млрд теңгеден астам бос қалдық халықтың игілігі үшін жұмсалуы тиіс. Біз мұны қалай жүзеге асырмақпыз? 100 млрд теңге отандық көліктерді сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиеге беріледі. Шарты мынадай: жылдық мөлшерлемесі 4 пайыз және бастапқы жарна 0 пайыз. Бастапқы жарнасы 20 пайыз, жылдық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға берілетін қазіргі қолданыстағы бағдарламадан айырмашылығы осында. Сегменті қымбат емес көліктер екені түсінікті. Осылайша, біздің 71 мың азаматымыз қолжетімді бағаға және қолжетімді кредиттік ресурстарға жаңа көлік сатып ала алады», — деді Роман Скляр «Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

В РАЙОНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ВАКЦИНАЦИЯ ПРОТИВ СЕЗОННОГО ГРИППА

admin_mugalzhar

Қазақстанда қай өңір тұрғындарының табысы жоғары екені анықталды

admin_mugalzhar

САЛТ-ДӘСТҮР – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.