«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Назым Қызайбай бокстан кіші әлем чемпионатында Қазақстанға алғашқы алтынды әкелді

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Болгарияда өткен «Кубок Странджа-2022” халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сенбі, 26 ақпан күні Назым Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алжирлік Роумаиса Боуалемге қарсы шықты. Қазақстандық спортшы үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.

Кіші әлем чемпионаты атанған бұл додада Қызайбайдың алтыны Қазақстан үшін бірінші жүлде болды. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы үш күміс медаль жеңіп алды, олардың иегерлері Дина Жоламан (54 келіге дейінгі салмақ дәрежесі), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) және Дамир Әбдіқадір (51 келіге дейін).

Жексенбі, 27 ақпан күні қазақстандықтар “Странджа кубогі-2022” турнирінің тағы бірнеше финалдық ойынына қатысады.

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫСТЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АУДАНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болды

admin_mugalzhar

Байқаңыздар, қызылшадан қауіп төнді…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.