«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Украинадағы елшілігі азаматтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2022 жылғы 28 ақпанда сағат 9.30-да Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінен қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға Львов қаласына автобус жөнелту жоспарланған. Автобус сыйымдылығы 50 орын», — делінген хабарламада.

Елшіліктің мекенжайы — Ю. Ильенко, 26, байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08.

Елшілік әлеуметтік желілердегі және Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің жедел мессенджерлеріндегі өзекті ақпаратты қадағалап отыруды сұрады:
  • Instagram — kazenbukr
  • Facebook — KazEmbassyUkr
  • Telegram — t.me/KZembassyinUKR

Бұған дейін Украинадан эвакуацияланып жатқан қазақстандықтардың видеосы пайда болған еді. Ондаған жолаушы отырған алғашқы автобус Польша шекарасынан өтті.

Ұқсас ақпараттар

Коронавирус: АҚШ-тағы жағдай күрделене түсті

admin_mugalzhar

«Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары»: Францияда отандық көрменің ашылуы өтті

admin_mugalzhar

ПАРИЖДЕ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.