«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде бала санына байланысты берілетін жәрдемақы өсті

Мәселен, былтыр 1, 2 және 3-бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың 296 теңге болса, биыл 149 мың 416 теңгеге жетті. Елде балалы отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы көлемі былтырға қарағанда өсті, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мәселен, былтыр 1, 2 және 3-бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың 296 теңге болса, биыл 149 мың 416 теңгеге жетті. Төртінші балаға берілетін төлем 247 мың 716 теңгені құрайды.

Айта кетейік, елімізде көп балалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы көлемі бала санына қарай сараланған мөлшерлемемен есептеледі. Мәселен, былтыр 4 балалы отбасылар мемлекеттен 59 мың 183 теңге жәрдемақы алса, биыл бұл отбасылар 63 мың 30 теңге алады. 10 және одан көп бала сүйген жанұялар биылдан бастап 157 280 теңге жәрдемақы алады.

Атап айтқанда:

1, 2 және 3 бала — 149 416 тг;

4 және одан көп бала — 247 716 тг;

4 және одан көп балалы отбасылар — 63 030 тг;

10 және одан көп балалы отбасылар — 157 280 тг.

Ұқсас ақпараттар

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

СУ ТАСҚЫНЫ: ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Қазақстанда неке тіркеу мерзімі 15 күнге қысқарды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.