«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанға дәрі-дәрмек қай елдерден келеді?

Елімізде негізгі фармацевтикалық тауар мен препараттар өндірісінің өсуіне қарамастан халыққа көбіне импорттық дәрілік заттар ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, импорттық антибиотиктердің үлесі 2021 жылы 85,2%, ал продәрумендер, дәрумендер және олардың басқа түрінің үлесі 100% болды.

Energyprom.kz-тің зерттеуінше, 2021 жылы Қазақстанға 1,1 миллиард долларға 21,7 мың тонна дәрі әкелінді. Ресейдің үлесіне көлемнің үштен бірінен астамы тиесілі: 7,6 мың тонна дәрі-дәрмек келген. Бірақ қаржылай жағынан ол небәрі 8,3% немесе 92,7 млн ​​АҚШ долларына тең.

ТМД елдерінің ішінде Ресейден басқа Қазақстан үшін дәрі-дәрмектің негізгі жеткізушілері – Украина мен Беларусь. 2021 жылы Украинадан 22,4 миллион долларға 879 тонна дәрі-дәрмек импортталды. Оның үстіне дәрі-дәрмек – Қазақстан үшін Украинадан импортталатын негізгі өнім топтарының бірі. Беларусь 13,3 миллион долларға 863,8 тонна дәрі-дәрмек импорттады.

Елімізді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін ТМД-ға кірмейтін негізгі елдерге келетін болсақ, олар – Үндістан, Германия және Қытай.

Биыл қаңтар айында Қазақстанда негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру көлемі 11,1 млрд теңге болды.

Фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмек бағасы бір жыл бұрынғы 10%-ға қарағанда 3%-ға қымбаттады

Кейінгі бір жылда Хилак Форте (42,1%-ға), ацикловир (12,3%-ға), Essentiale Forte N (11,4%-ға), No-shpa (10,1%-ға) және басқа да препараттардың бағасы өсті. Бұл ретте парацетамол мен Нурофеннің (14,3%-ға), сонымен қатар ацетилсалицил қышқылының (9,5%-ға) бағасы айтарлықтай төмендеді.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗЫЛША БЕЛЕҢ АЛЫП ТҰР

admin_mugalzhar

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.