«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қандас мәртебесін 3 күннің ішінде алуға болады

«Отандастар» қоры елімізге қоныс аударған қандастарға көші-қон үрдісіндегі талаптарды түсіндіру мақсатында дайындалған бейнеролик жариялады.

Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алу үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына өтінішін бере алады. Қандас мәртебесі бір жыл мерзімге беріледі және Қазақстан азаматтығын алған жағдайда тоқтатылады, — делінген қордың Instagram парақшасында жарияланған бейнероликте.

Қордың түсіндіруінше, қандас мәртебесін алу үшін ХҚО-ға еркін нысанда жазылған өмірбаян, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін, нотариалды куәландырған аудармасымен, жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда өтініш берушінің ұлтын растайтын басқа да құжаттар тапсырылады.

Құжаттарды қарау және қандас мәртебесін беру өтініш тіркелген күннен бастап 4 жұмыс күні ішінде, егер өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН БОЛДЫРМАУ МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

Электрондық цифрлық қолтаңбаның жаңа форматы: қазақстандықтар ол туралы не білуі керек

admin_mugalzhar

АЛТЫН ОРДА — ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.