«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе әуежайы уақытша жабылады

Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы екі аптаға уақытша жабылады.

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады. Оның айтуынша, әуежайдағы жөндеу жұмыстары күн жылынған соң басталады.

— Ақтөбеге азаматтық авиация комитетінің комиссиясы келіп, әуежайдағы үш шақырымдық ұшу-қону жолағына тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ұшу-қону жолағында ақаулар, жарықшақтар, әуеайлақ плиталарының қабыршақтануы анықталды. Осыған орай азаматтардың ұшу кезіндегі қауіпсіздігін ескере отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 17 наурыздан бастап Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағын пайдалануды ақаулықтарды жойғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылдады. Облыс әкімдігі қысқа мерзімде әуеайлақ плиталарын ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға дайын. Әуежай басшылығы ауыстыруды талап ететін плиталарды анықтай отырып, тексеру актісін жасап, әуеайлақтың ұшу-қону жолағына ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатыр. Алдағы уақытта ауа райы қолайлы болса, әуежай екі аптаға жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жабылады, — деді Р.Хамбаров.

Оның айтуынша, әуежайды сенімді басқарушылыққа беруге тұрғындар қарсы шыққан, сондай-ақ қаржы құятын инвесторлар да табылмаған. Сол себепті 2024 жылға дейін әуежай мемлекеттің балансында болады.

Ал «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ басқарушы төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, әуежайдың ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары күндіз жүргізіледі, ал түнде әуе рейстері ұшырылады. Әзірге бұл бағыттағы жұмыстар әлі де талқыланып жатыр.

Д.АЙДАР, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Коронавирустан тез айығудың жолы анықталды

admin_mugalzhar

ЖҰРЫНДЫҚ АНСАМБЛЬ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

«ТУҒАН ӨЛКЕМ — МАҚТАНЫШЫМ!»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.