«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЙЛАУДЫҢ ЖАЙЛЫ КЕШТЕРІ

Наурыз мерекесіне арналған 10 күндік аясында 16 наурыз — «Жайлау күні» деп бекітілген еді.
Ембі қаласында осы күнге орай Мұғалжар аудандық оқушылар шығармашылығын дамыту орталығының оқушылары ауыл шаруашылық қожалықтарына саяхат жасады. Саяхат барысында төрт түліктің қыстан аман шыққанына шүкіршілік айтылып, асыл тұқымды малды бағудың артықшылықтары түсіндірілді. Оқушылар төрт түлік малдың пайдасы мен қажеттілігі туралы мәліметтер алды.
Ал Ащысай ауылдық округінің әкімі Баймұрат Оразов бастаған бір топ ауыл тұрғындары «Жайлау күніне» орай ұлттық киім киіп, ұлттық нақыштағы әндер айтып, ауыл көшелерін аралады.
Ауыл үлкендері жас буынға елдің, жердің қадірін түсіндіріп, көшет егіп, айналаны тазалап, табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын түсіндірді. Әдеби-сазды кештер ұйымдастырылып, ән мен күйден шашу шашылды.

Ұқсас ақпараттар

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС

admin_mugalzhar

АУДАНҒА ЖАҢА БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫСЫ АЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

2024 жылы ел азаматтарын қандай өзгерістер күтіп тұр?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.