Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласынан «Зәру» пантымен емдеу сауықтыру орталығы ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Асқар Шериязданов, аудандық мәслихат хатшысы Роза Мүсенова, аудандық қоғамдық, ардагерлер және аналар кеңесінің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
— Бұл өнім алдымен біздің жергілікті тұрғындар үшін өте қажет. Әсіресе, экологиялық аймақтарда тұратын, ауыр өнеркәсіп орындарында жұмыс жасайтындар үшін маңызды. Яғни адамның денсаулығын нығайту үшін таптырмас ем, — деді аудан әкімі өз сөзінде.
Емдік қасиеті бар жануарлар 700 гектар аумақты алып жатқан Мәртөк ауданының кең алаңқайында өсірілуде.
Орталықта қазіргі таңда 9 қызметкер жұмыспен қамтылып отыр.
Орталық директоры Бану Тілегенова емдеу сауықтыру орталығымен толықтай таныстырып, пантының пайдасын тілге тиек етіп, осы әдіспен ем алып, сауыққан жандар туралы айтып өтті.
Салтанатты шарадан кейін орталыққа аудандағы бірқатар бөлім басшылары жиналып, емдеу орталығымен және жүргізілер жұмыспен танысты.