«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Журналистер мен БАҚ қудаланбайды — министр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров журналистерді қудалауға қатысты сұрақтарға жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында журналистер министр Омаровтан Қазақстандағы журналистерге қатысты жағдайды сұрады.
«Журналистер мен жекелеген БАҚ шетелдік агент ретінде таныла ма» — деп тілші сұрақ қойды.
«Бұл біздің әдіс емес. Менің ойымша, біздің елде журналистер мен БАҚ қудаланбайды. Біздің жол — бәсекеге қабілетті әрі аудитория сұранысына ие болуы үшін БАҚ-тың жемісті дамуы», — деп жауап берді министр.
Сондай-ақ, Омаровқа кейбір журналистер мен БАҚ-ты шетелдік қаржыландыру мен гранттардан бас тартуға мәжбүрлеу мүмкін бе деген сұрақ қойылды.
«Әзірге бірде-бір жұмыс тобын құрған жоқпыз, оның қаралып, қаралмайтыны туралы не айтамыз. Бастысы — мемлекеттік мүддені қорғауда БАҚ-ты бірінші орынға қою.
«Мемлекеттік мүдде» мемлекет мағынасында емес, бәріміз туралы, біз — мемлекетпіз. Біз аудиторияға сапалы ақпарат беруіміз керек, жалған, расталмаған ақпараттан аулақ болуымыз керек. Неғұрлым қызықты, сапалы ақпарат болса, соғұрлым аудиториямыз артып, БАҚ-тың егемендігін құрамыз», — деп қосты Омаров.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында БАҚ туралы заң мемлекет мүддесін ескере отырып, қайта қаралатынын айтқан болатын. Ол ашық ақпарат кеңістігін, танымал және күшті БАҚ құруға мемлекет ерекше көңіл бөлетінін айтты.

Ұқсас ақпараттар

АЛТЫНДЫ АУЫЛЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау қашан аяқталады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.