«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Омикрон штамын жеңдік – Денсаулық сақтау министрі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге күрт төмендегенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.

Министр омикрон штамын жұқтырғандар саны қысқа мерзім ішінде ғана артқанын атап өтті. Ол шамамен бір айға созылған — биыл 11 қаңтардан 9 ақпанға дейін.

«Бұл халықтың ұжымдық иммунитетіне байланысты болып отыр. Бірақ ауру әлі де таралуы мүмкін. Менің ойымша, вирус ретінде омикрон штамын жеңдік», — деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ажар Ғиният бүгінде еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта екенін еске салды.

«Бұл COVID-19 таралуын болдырмау үшін қабылданған шаралардың тиімділігіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар әлемде омикрон штамын жұқтырғандар саны артып келеді. Бірқатар елде ол екі айдан аса уақытқа, кейбір елде үш айға созылады», — деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов Ashyq қосымшасы алынып тасталғанына қарамастан, ғимарат ішінде маска режимін сақталатынын айтқан болатын.

Ұқсас ақпараттар

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: 3 МАМАН ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының үшінші желісінің құрылысы басталды

admin_mugalzhar

1 қыркүйекте балалар мектепке бара ма? Есмағамбетова жауап берді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.