«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕМДЕ ӨТКЕН НАУРЫЗ ТОЙЫ

Жем қалалық мәдениет үйінде Ұлыстың ұлы күніне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов құттықтады.
Наурыз мерекесіне орай мәдениет үйіне әр мекеменің ұлттық тағамдармен әзірленген дастархандары жайылды.

Мерекелік шараға келген тұрғындар наурыз көже, қымыз және басқада қазақтың түрлі тағамдарынан дәм татты.
Сонымен қатар, мәдениет үйінде шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік және театрландырылған мерекелік көріністер ұйымдастырылды. Қазақша күрес, гір көтеру, қол күресінен өткен спорттық сайыстар өткізіліп, жүлдегер атанғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

«103-ке» қоңырауды облыстағы орталық қабылдайды

admin_mugalzhar

Қысқы демалыс: мектеп оқушылары қанша күн демалатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР — ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

admin_mugalzhar