«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРДА ТОЙ ӨТТІ ДҮБІРЛЕГЕН

Бүгін Ұлыстың Ұлы күнін мұғалжарлықтар дүбірлетіп тойлады. Қала орталығындағы «Қазақстан» саябағына сәні мен салтанаты жарасқан жалпы саны 12 киіз үй тігіліп, наурыз тойлаушыларға наурыз көже мен бауырсақ молынан таратылды. Ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды дәріптеген керуен ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдарынан көрме өтті. Аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаздары келушілердің көңілін көтеріп, ән мен биден шашу шашты.
Шара барысында аудан әкімі Асқар Шериязданов тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Сонымен бірге ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Ұқсас ақпараттар

ТӘУЕЛСІЗДІК және АУДАН

admin_mugalzhar

ЖАҢА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: КӘСІПКЕРГЕ ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН?

admin_mugalzhar

Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек

admin_mugalzhar