«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҒАБҰЛАҚТЫҚ «ЗОЛОТОЙ» КӨРШІЛЕРІ

«Көршілер біздің- золотой» деп ән салып, заманға сай трендтегі тематикалық форматта бас қосып жүрген жағабұлақтық бұл көршілер көпке үлгі.
Жағабұлақ ауылының «Жеңістің 40 жылдық» көшесінің тұрғындары заманауи дәстүр қалыптастырды десек артық болмас. Күйбең тіршілікпен қарбаласқан қапылыс уақытта сәлем беріп, себепсіз саулық сылтауратып туыс тұрмақ, іргелес көршінің үйіне кіруден де қалыппыз деген көршілер, сөздерін әріден бастады.
— Ортамызда үлкен апамыз 60 жасты еңсерген болса, қалғаны 30 бен 40- тан асқан жас келіншектер. Жалпы әйел затының басы қосылса ғайбат, өсек жүретіні белгілі ғой. Алайда біздің ортамызда ғайбатқа, арық ауыз әңгімеге жол жоқ. Шағын отырысымызды есте қаларлықтай, қызықты етіп өткізуге тырысамыз.
Көршімен сыйластық — елдің сыйластығын, көршімен татулық — қоғамның татулығын ұқтырады деп ойлаймын. “Көрші ақысы -Тәңір ақысы, “Көршіні құдай қосады” дейді қазақ атамыз. Тіпті ислам діні де көршімен жарасымды сыйластықта болуға шақырады. Осы орайда балаларымызға көршілермен етене араласуды үлгі етіп, көршілермен татулықты, ауызбіршілікті нығайту мақсатында әр айда бір рет осындай әдемі отырыстар ұйымдастырамыз.
Жазылған заңдылық та, ереже де жоқ. Арамызда бары тек сыйластық қана. Көрші болу бір көшеде тұрумен шектелмейді, ол екі әулетті біріктіріп, тіпті туысқандай болып кететін жанашырың. Бұл дегеніміз сатып алынбайтын нағыз байлыққа тең игіліктер. “Жақсы көрші тапқаның-мол олжаға батқаның”-деген мәнді сөздің астары да осында секілді. Үлкені мен кішісі аралас көршілерімізбен жарасымды сыйластықтамыз. Расымен де қатты суыққа қарамай, соғым сойылса білек түріп, тікесінен тік тұрып қызмет атқаратын да көршілер ,- деп сөзін сабақтаған Жұлдыз Құрантаева өз көршілеріне деген ризашылығын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

DARA BALA ДАНА БАЛА ҚЫЛА МА?..

admin_mugalzhar

БІРЛІКТІҢ ҚАРБЫЗЫ — ТӘТТІ

admin_mugalzhar

ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.