«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«БРИЛЛИАНТ» КӨРШІЛЕР МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ

Бүгін Ұлыстың Ұлы күнін қандыағаштықтар көршілер болып өз аулаларында да қарсы алуда. Мәселен, жыл басы болып саналатын ұлттық мейрамды «Жастық» мөлтек ауданындағы #9 үйдің тұрғындары ұйымшылдықпен қарсы алды. Өздерін «Бриллиант» деп атаған көршілер ерекше дайындалып, қонақжайлылықтарын көрсетіп, дастарқан жайып, келушілерге дәмді-тәттілерін ұсынды. Думанды мерекеде жастар мен балалар үшін де спорттық ойындар ұйымдастырылды. Шара соңында аға буын жүрекжарды тілектерін білдіріп, қазыналы қарттар баталарын берді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан мен Қытайдың импорт-экспорт қарқыны қандай

admin_mugalzhar

Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді

admin_mugalzhar

ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіретін бірқатар кеңестерін аяқтады

admin_mugalzhar