«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Kaspi.kz және Halyk Bank қосымшаларында цифрлық құжаттар пайда болды

Қазақстандық банктердің мобильдік қосымшаларында цифрлық құжаттар пайда болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Былтырғы жылдың аяғынан бері «ҰАТ» АҚ, Kaspi және Halyk мамандарымен бірге Цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларға шығару бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгін осы мүмкіндік ресми түрде іске қосылады»,- деп жазды Бағдат Мусин Facebook-те.

Министр қазір 10 миллион қазақстандық тұрақты түрде цифрлық құжаттар сервисін қолданатынын айтты.

«Бұл өте ыңғайлы, өзіңмен бірге құжаттың түпнұсқасын алып жүру қажет емес. Бүгіннен бастап сервис Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларында қолжетімді. Себебі халық мемлекеттік қызметтерге біздің ғана емес, өздеріне ыңғайлы, күнделікті қолданатын арналары арқылы қол жеткізгенін қалаймыз», — деді ол.

Бұл функционал адамның өз келісімі болған жағдайда ғана қосылатынын айта кеткен жөн.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда бүгіннен бастап темекі дүкен сөрелерінде тұрмайды

admin_mugalzhar

Синоптиктер қашан күн салқындайтынын айтты

admin_mugalzhar

«АҢСАҒАН СӘБИ»: 6 АНАҒА БАҚЫТ СЫЙЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.