«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл 752,7 шақырым жол жөнделеді

Биыл облыс аумағында жалпы сомасы 32,3 млрд теңге болатын жол жөндеуге қатысты 201 жоба жүзеге асырылады. Өңірдегі жалпы жол құрылысы жұмыстарына дайындық барысы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында қаралды.

Барлығы 752,7 шақырым автомобиль жолы жөнделеді, оның 95,8 шақырымы — облыстық, 512,4 шақырымы — аудандық, 144,5 шақырымы қалалар мен аудандардағы көшелердің жол желісі.

Бұл жұмыстар толық аяқталған кезде жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 72% болады.

Облыс әкімі мердігер мекемелерді анықтайтын мемлекеттік сатып алу байқауларын сәуірден кешіктірмей аяқтауды тапсырды:

— Жол құрылысы жұмыстары маусымының басына қарай мердігер мекемелер барлық жобалар бойынша анықталуға тиіс. Уақытты созып, жұмысты кешіктірмеңіздер. Сапа, түпкі нәтиже соған байланысты, — деді өңір басшысы.

Ол сондай-ақ материалдардың, әсіресе жол битумын күні бұрын дайындауды қамтамасыз етуді, материалдар мен жұмыстардың сапасын қатаң бақылап отыруды, сонымен қатар проблемалық нысандарды уақытында аяқтауды тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында көлікті мас күйінде жүргізетіндер азаймай отыр

admin_mugalzhar

ГАЗИФИКАЦИЯ: ГОЛУБОЕ ТОПЛИВО ПРИДЕТ В ЖУРЫН

admin_mugalzhar

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ — ЕЛ МҰРАСЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.