«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе-Астрахань бағытындағы жолдың бір бөлігін еріген қар суы басты

Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы жолдың бір бөлігін еріген қар суы шайып кетті. Салдарынан қозғалыс уақытша тоқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазавтожолдың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 сәуірде сағат 17:30-да республикалық маңызы бар А-27 Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань қаласына дейін) тасжолының 79-шақырымында, Табантал көпірін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін учаскеде еріген қар суына байланысты су тасқыны болды», — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Бірақ салынып жатқан көпірдің тіректеріне зақым келмегені атап өтілді.

Соның салдарынан Алға қаласынан 46 шақырымнан Қандыағаш қаласына 90 шақырымға дейін барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

«Судың қатты ағуына байланысты оны ұстап тұру үшін топырақ үйіндісін, инертті материалдарды және қаптарды қолдану тиімсіз. Қазіргі уақытта еріген суды өткізу үшін қосымша арна қазылып жатыр», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Бұл бөлім қалпына келтірілгеннен кейін ғана өту қамтамасыз етілетіні атап өтілді. Жағдай «ҚазАвтоЖол» Ақтөбе облыстық филиалының ерекше бақылауында.

Ұқсас ақпараттар

КИЕЛІ ТҮРКІСТАНҒА САПАР ШЕКТІМ

admin_mugalzhar

СМЕРТЕЛЬНОЕ ДТП С УЧАСТИЕМ КАРЕТЫ СКОРОЙ ПОМОЩИ

admin_mugalzhar

ӨРТ СӨНДІРУШІ — МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.