«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Облыс әкімі мерейтой иесіне Президент құттықтауын жеткізді

Бүгін Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері, Ақтөбе қаласындағы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрайымы Құралай Базарбайқызы Байменова 70 жасқа толды. Облыс әкімі Асхат Шахаров мерейтой иесін құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Президент өз құттықтауында Құралай Базарбайқызының еліміздің әлеуметтік даму жолындағы еңбегін жоғары бағалап, оның азаматтық ұстанымы мен белсенді қызметі – өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өткен.

Облыс әкімі де өз лебізінде Құралай Байменованың өмір жолы мен елге сіңірген еңбегіне ерекше тоқталып, оның ерен еңбегі мен табандылығы – көпке жігер беретінін айтты.

Қоғам қайраткері көрсетілген жоғары құрмет пен ыстық ықыласқа ризашылығын білдіріп, ел игілігі үшін еңбек етуді жалғастыра беретінін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ҮЙРЕНЕРІМ ƏЛІ КӨП

admin_mugalzhar

271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды

admin_mugalzhar

БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ОРАЛСАМ, ШІРКІН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.