«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жауын жауып, жел соғады: Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, еліміздің кей аумақтарында жаңбыр жауып, тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіліп, жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік жартысында найзағаймен, екпінді желмен бірге қатты жаңбыр болады деп болжанады.

Солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елде тұман, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 18-26 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 15-26 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометр бағаны 22-32 градусқа дейін көтеріледі.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Ақтөбе-Қандыағаш тасжолының құрылысы басталды

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.