«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БҮГІНГІ БОЙЖЕТКЕН – ЕРТЕҢГІ АНА

Кеше Қандыағаш қалалық №1 ЖББОМ-де Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, қоғаммен байланыс жөніндегі сектор меңгерушісі Анар Абубакированың ұйымдастыруымен жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Бүгінгі бойжеткен — ертеңгі ана» атты 10-11 сынып қыздарының қатысуымен еркін форматта кездесу өтті.

Жиынға аудандық аурухананың гинеколог дәрігері Гүлжанат Ерғалиева және психолог маманы Жаналтын Молдашева қатысты. Қыз балалар қатысқан кездесудің негізгі мақсаты — жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, жастардың тәрбиеге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Сонымен қатар отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру, жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән мағынасын ашып көрсету.

Кездесуде мектеп қабырғасында жүрген жасөспірім қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік пен денсаулыққа зор зиянын тигізетін жасанды түсіктің арты қоғамдық қасіретке ұласып, жас жеткіншектердің болашақтарына айтарлықтай кері әсерін тигізетіні туралы гинеколог дәрігер баса айтса, психолог маман мәселемен күресудің ең үздік тәсілі — өз өзіне сақ әрі сенімді болуын, үлкендерді тыңдай біліп, қандай жағдай болмасын ата-анасымен үнемі қарым-қатынаста болып, еркін әңгімелесіп, барлық мәселесін ашып айтудың маңыздылығын жеткізді.

Айтылған шара шеңберінде тәрбиеге қатысты бейнероликтер көрсетіліп, психологиялық тренингтер арқылыақпараттарайтылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

МҰҚТАЖ ЖАНДАР ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

Қазақстанда 24 желтоқсанда қар жауады

admin_mugalzhar

Ахмет Байтұрсынұлы туралы жаңа фильм жарыққа шығады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.