«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАННЫҢ БАС САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып Ерлан Бүркітұлы Мұратов тағайындалды.

Ерлан Бүркітұлы 1972 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі бойынша , 2005 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын медико-профилактикалық ісі мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы Алға аудандық ауруханасының дәрігері болып бастаған. Әр жылдары Алға аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы, Алға аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы, Қарғалы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің бастығы қызметтерін ақтарған.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Байғанин аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Ұқсас ақпараттар

БАҒА ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНАН АЗЫҚ-ТҮЛІК ӘКЕЛІНУДЕ

admin_mugalzhar

42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді

admin_mugalzhar

Зейнетақы қорын бір бөлігін кім қолдана алатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.