«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Армангүл ҚЫНАЕВА, Батпақкөл ауылдық округі: ДОСТЫҒЫМЫЗ МАХАББАТҚА ҰЛАСТЫ

— Жолдасым Мұрат Жоламанов екеуіміз 1-кластан бастап 11-класқа дейін бірге оқыдық. Мектеп кезінде арамызда сондай бір сезімдер туып, махаббат болған жоқ. Бірақ екеуіміз бір-бірімізге жақын дос болып, сырымызды айтып, ортақ тақырыпта әңгімеміз көп болды. Ол мектепті бітіріп, әскерге кетті. Ал мен Ақтөбе қаласына оқуға түстім. Мұрат әскерден келгеннен кейін сезімдеріміз оянып, қыз бен жігіт болып кездесе бастадық. Әрине, сезімін алғашқы болып жолдасым білдірді. 1998 жылы жаз айында ата-аналарымыздың батасын алып, сән-салтанатымен үйлену тойын өткіздік. Бұйырса, күміс тойымыз да алыс емес. Келер жылы отау құрғанымызға 25 жыл толады. Осы жылдар аралығында әдемі де, жарасымды ғұмыр кешіп келеміз. Бала кезімізден бір-бірімізді жақсы білетін болғаннан кейін бе, арамызда ұялшақтық, түсініспеушілік, ұрыс-керіс, жанжал болған емес. Бүгінде жолдасым мұнай саласында еңбек етеді. Мен ауылдық амбулаторияда медбике қызметін атқарамын. Бүгінде екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырмыз. Үлкен қызым тұрмысқа шығып, Алла қаласа, немерелі болатын күніміз де алыс емес. Жан-жарым үнемі отбасымызға қуаныш сыйлап жүреді. Балаларына әкелік, маған жұбайлық махаббатын үнемі білдіріп отырады. Мен де азаматымды сыйлап, әрдайым құрметтеймін. Бүгінгі күнімізге шүкірлік етеміз.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛЫНДА КЕШЕНДІ БЛОК МОДУЛІ ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

526 ОҚУШЫ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.