«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жұлдыз БЕКМАҒАМБЕТОВА, Қандыағаш қаласы: 13 ЖЫЛ КЕЗДЕСІП, ОТАУ ҚҰРДЫҚ

— Жан жарым Айдос Темірбаев екеуміз Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінде оқыдық. Бір-бірімізді 6-кластан бастап танимыз, бір класта оқыдық. Жолдасым Айдостың айтуынша, маған деген сезімін 9-класс бітіргеннен кейінгі мектеп бітіру кешінде байқаған. Сол кезден бері екеуміз 13 жыл бойы біргеміз. 2020 жылы отау құрдық. Бұйырса, жақын арада махаббатымыздың жемісі, кішкентайымыз дүниеге келер күнді асыға күтіп жүрміз. Үлгілі де, берік отбасы болу үшін ең алдымен, шынайы сезімге құрылған махаббат болуы керек деп есептеймін. Сонымен бірге бір-бірін түсініп, жан-дүниесіне үңіліп, үйлесімде өмір сүру де маңызды. Үнемі ойымыз бен сөзіміз бір жерден шығады. Жолдасым жігіттің төресі. Әрқашан берген уәдесін бұзбайды. Үнемі қамқорлық танытып, денсаулығыма алаңдап жүреді. Сол үшін де Аллаға сансыз шүкіршілік айтып отырамын.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы облыс әкімін қабылдады

admin_mugalzhar

МОБИЛЬДІ АУДАРЫМ: БІЗ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?

admin_mugalzhar

КӨЛДЕНЕҢ ТЕМІР АУЫЛЫНА АУЫЗ СУ ҰҢҒЫМАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.