«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: БАЛАБАҚША АШУ

Ауданға келген облыстық мәслихат депутаттары мен денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ақкемер ауылынан кейін жұмыс сапарымен Елек ауылында болды. Елек негізгі мектебінің бұрынғы ғимаратын қарады. Аталған ескі мектеп ғимаратын сенімгерлік басқаруға беру арқылы балабақша ашу мәселесі талқыланды. Бұл мәселені тез арада шешу үшін мәслихат депутаттарынан облыстық білім басқармасынан қолдау қажет етілетіндігі айтылды. Қазіргі таңда Елек ауылында екі топты құрайтын бала бақша жасында 48 бала кезекте тұр. Сондай-ақ облыстан келген делегаттар биыл жөндеу жұмыстары жүргізілетін Елек ауылының кіреберіс жолын қарады.

Ұқсас ақпараттар

САЛАМАТ КҮМІС, ӘДІЛХАН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрілер тізімін қысқартуды жоспарлап отыр

admin_mugalzhar

Қазақстан — достық пен татулықтың символы

admin_mugalzhar