«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҒА АУЫЛЫНА СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

Аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындармен кездесуі Саға ауылында жалғасты.
98 үйі, 574 тұрғыны бар Саға ауылының тұрғындарымен кездесуде аудан басшысы ауылға кіреберіс жолды, Саға көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ Саға көшесінің бойына қоғамдық кеңеспен талқылап, ақылдаса келе медициналық пункт салу көзделіп отыр. Медициналық пунктің жобалық-сметалық құжаттарын Қандыағаш қаласындағы «Байлық проект» ЖШС-і жүргізуде.
Сонымен қатар ауылға орнатылатын спорт алаңының орны да қоғамдық кеңеспен келісіліп, белгіленетін болды.

Кездесуде тұрғындар тарапынан газдың бағасы, ауылға келіп жатқан газ құбырының жағдайы, ауылға қарасты қоғамдық табын шығатын жерлердің тапшылығы, ветеринарлық қызметке қанағаттанбайтындары, ұялы байланыстың нашарлығы, ауыл ішін абаттандыру және санитарлық тазалағын күшейту мәселелері көтерілді.

Аудан әкімі қоғамдық табын шығатын жерлерді
аудандық жер қатынастары бөлімімен бірлесе қоғамдық кеңеспен реттеуді, ауыл тұрғындарымен аудандық ветеринария стансасының мамандарымен кездесу ұйымдастыруды тапсырды.

Саға ауылын абаттандыру, қоқыстан тазарту мәселелері бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы тарапынан арнайы техникалар бөлініп, қолдау көрсетілетін болады.

Ал ауылдағы ұялы байланыс сапасының төмен екендігіне қатысты «Beeline» және «Kcell» ұялы байланыс операторларымен және облыстық цифрлық технологиялар басқармасында мәселе көтеріліп, талқыланатындығы айтылды.

Ұқсас ақпараттар

ЕКІ ОТБАСЫ ЖОЛДАМА АЛДЫ

admin_mugalzhar

«Жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген халықаралық сыйлыққа ие болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.