«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗІЛТЕМІРШІ ГҮЛІМНІҢ ЖЕҢІСІ

Талдықорған қаласында пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтуде. Аталған сайысқа Мұғалжар ауданынан қатысқан паралимпиадашы Гүлім Құрманбаева кеше сүйінші хабар жеткізді.

45 келі салмақта өнер көрсеткен зіл-темірші Гүлім жүлделі I орынға ие болды. Спортшы өткен жылы 85 келі зілтемір көтерсе, биылғы чемпионатта 94 келіні көтеріп, өз рекордын жаңартты. Жеткен жеңісінің артында жаттықтырушысы Сергей Ведюшкиннің үлкен еңбегі жатқанын жеткізген спортшы Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына жолдама алғанын қуана хабарлады.

Ұқсас ақпараттар

ОЛИМПИАДА: МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ІІ ОРЫН

admin_mugalzhar

Құрылтай сайлауы күні дүниеге келген сәбилер

admin_mugalzhar

18 наурыз – Ұлттық киім күні

admin_mugalzhar