«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛЕДІ

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің жұмыс сапары Мұғалжар ауылында жалғасты.
Облыс басшысы елді мекендерді газдандыруға арнаған жоспарына сәйкес Мұғалжар ауылына басталған газ тарту жұмыстарын қарады.

380 үйі, 1730 тұрғыны бар Мұғалжар ауылына 40 шақырым болатын Ембі қаласынан көгілдір отын тартылуда. Бұл жұмыстарды «Әлия-Сервис» ЖШС-і жүргізуде.

Кездесуде Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев және «Әлия-Сервис» ЖШС-нің директоры А.Марданов атқарылатын жұмыстар бойынша есеп берді.

Жалпы құрылыс-монтаждау жұмыстары 18 айға жоспарланған. Мердігер бұл жұмыстарды жылдың аяғына дейін аяқтауға мүмкіндік бар екендігін мәлімдеді.

Қазіргі таңда газ тарту жұмыстарына екі жұмыс бригадалары жұмылдырылған. Бірінші бригада ауылдың бір бөлігінде құбырларды жүргізуді аяқтап, екінші бөлігінде қазу жұмыстарын жүргізуде. Құрылысқа қажетті құбырлар, жалпы құрал-жабдықтар ауылға жеткізілген.

Екінші бригада Қырғыз стансасына орналасып, олар Ембі қаласынан Мұғалжар ауылына газ тарту жұмыстарын жүргізеді.
Облыс әкімі бұл жұмыстарды уақытылы және сапалы орындауды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасы 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындықтарын пысықтап жатыр

admin_mugalzhar

«ЕСІМДЕ ӘЛІ СОЛ БІР КЕЗ» ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

admin_mugalzhar

МАЛ ШЫҒЫНЫ ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.