«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН 6 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Сотты болып, пробация есебінде жүргендерді қоғамға қосудың басты тетігі — жұмыспен қамту. Осы орайда, аудан аумағында пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.

 Аудандық мансап орталығының басшысы Ғалым Дәрімбетовтің берген мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы аудан бойынша пробация есебінде тұрған 10 адамды мекемелер мен кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жоспары бекітілген. Бүгінгі таңда 6 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Ал қалғандарын алдағы уақытта жұмысқа тұрғызу жоспарланып отыр.

— Жыл басында аудан бойынша 8 мекемеге пробация есебінде тұрған 10 адамды жұмысқа орналастыруға квота бөлінген болатын. Бүгінде 6 адам квота бойынша Қандыағаш пайдалану депосына, «СНПС-АТК», «Шығыс Мұнай және сервистік қызмет көрсету», «КазТермоГруп» мекемелеріне жұмысқа тұрды. Ал қалған мекемелер жұмыстың қауіптілігін айтып, квота орындаудан бас тартуда. Сонымен бірге пробация қызметінің есебінде тұрған 3 адам квотадан тыс тұрақты жұмысқа орналас-ты. Ал 1 адам «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен жұмысқа алынса, 5 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды, — деді Ғалым Нағметұлы.

Сондай-ақ ол «Мансап» орталығында бос жұмыс орындары үшін жәрмеңкенің жиі өткізіліп тұратынын, жәрмеңке кезінде жұмыстан бас тартатын азаматтардың қарасы көп екенін жеткізді.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 37 жол-көлік оқиғасы болған

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысына онкологиялық ауруларды анықтауға мүмкіндік беретін 2 медициналық кешен әкелінді

admin_mugalzhar

Қазақстандық жүргізушілер жол-көлік оқиғасын полиция көмегінсіз рәсімдей алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.