«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда көпбалалы аналар мен ардагерлерге жеңілдік беріледі

Мәжіліс көлік мәселелері бойынша кейбір нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта көпбалалы аналар мен ардагерлерге бірқатар жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Заң жобасына халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беретін нормалар енгізіліп отыр. Мәселен, олар әлеуметтік маңызы бар, сондай-ақ қалалық (ауылдық) және қала маңына қатынайтын тұрақты автокөлік бағдарларында тегін жүре алады.
Олар:

«Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

I топтағы мүгедектер;

Ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі жастар билет бағасының жартысын төлейді.

Депутат Альберт Раудың айтуынша, ардагерлерге де жеңілдік беріледі. Олардың атына тіркелген көліктерге ақылы жолдармен тегін жүруге рұқсат беріледі. Күш құрылымдарының қызметкерлері де ақысыз жүре алады.

«Өкінішке қарай, ардагерлеріміз аз қалды. Біз оларға теңестірілген азаматтарды да қарастырып жатырмыз. Қазіргі кезде есеп-қисап жасау керек. Екінші оқылымға дейін шешім шығарылады», – дейді Рау.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 65 022 «Алтын алқа», 137 675 «Күміс алқа» иегері тұрады, 15 669 адам «Батыр ана» атанған, І және ІІ екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталғандар – 12 260, І топтағы мүгедектер – 69 444, ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың саны – 724 178.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында 606,2 мың тонна бидай жиналды

admin_mugalzhar

Ғалым тура 8 сағат ұйықтау шарт емес екенін мәлімдеді

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімін сайлады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.